Балалар денсаулық сақтау

rainbow

Балабақшада педиатр-дәрігер және мейірбике жұмыс жасайды.

Дәрігер жүзеге асырады:

Барлық балалардың балабақшаға келуін қадағалап, апта сайынғы медициналық қараудан өткізу;
балалардың іс-әрекетін қайта қарап бақылау;
науқас балаларды сауыққан соң,міндетті түрде тексеруден өткізу;
денсаулық тобына байланысты балаларды орналастыру;

Денсаулығы 1 топтағы балалар үй жағдайында ауырмаған.Балалар ұжымына келіп түскен соң,жылына 1-2 рет ауыруы мүмкін.Мұндай балалардың иммундық жағдайы жақсы;
Денсаулығы 2 топқа жататын балалар,үй жағдайында жылына 1-2 рет ауырады.Балабақшаға келіп түскен соң,жылына 3-4 рет ауырады.
Денсаулығы 3 топқа жататын балалар,үй жағдайында жылына 3-4 рет ауырады.Балабақшаға келіп түскен соң,жылына 6 рет ауырады.
профилактикалық-сауықтыру іс шарасы,балалардағы аурудың алдын алу және балаларды шынықтыруға бағытталған;
жасына сәйкес тіркелген балалардың денсаулығы және даму ерекшеліктері туралы өзіндік жоспарды өңдеу;
ОТК аумағын және санитарлық жағдайы мен күн тәртібін қадағалау;
сауықтару процедурасын және дене шынықтыру сабағының өту барысын қадағалау;
созылмалы аурумен ауырған балаларды қадағалау;
нақты және жалпы екпеге реакцияларды тіркеу,екпеден кейінгі балалар денсаулығын қадағалау;
өзге де медициналық мекемелердің дәрігерлерінің ұсыныстарының орындалуын бақылау;
баланың медициналық картасын уақытылы толтырылуын бақылау;
жыл сайынғы балалардың диспансерін ұйымдастыру;
балаларға асқынған ауру немесе трамв кезіндегі дәрігерлік көмек және изольяторлардағы отыру кезеңін бақылау;
жазғы сауықтыру ортасын ұйымдастыру;
балабақшадағы бассейнге балаларды апару және су процедурасынан кейінгі бала денсаулығын қадағалау;
улану және жарақат алу профилактикасы кезіндегі жұмыс;
балабақшадағы қызметкерлерді санитарлы-эпидемиологиялық бақылау;
Мейірбике дәрігердің барлық ұсынысын орындайды және өткізеді:
күнделікті қабылдау және балалар фильтрін;
жылына 2 рет антропометр өткізу (бала бойы мен салмағының өзгеруі);
асқынған ауру немесе жарақат кезіндегі,дәрігер келгенше көрсетілетін көмекті;
топтың кварцеваниесін және дезинфекцияны;
асхана инвентары, тазалық және хлор сақтағыш құрамның мақсатты түрде пайдалануын қадағалау;
норманы сақтап ас әзірлеу,жеткізілген азық-түлікті және оны сақтау ережесі мен пайдалану мерзімін бақылауға алу;
іріңді жарақаттарды күнделікті қадағалау;
ОТК қызметкерлерін өз уақытында медициналық қаралуын бақылау;
дезинфекциялық құрамы мен қажетті медикаменттерді алу;
күнделікті балабақшада - денсаулық қорғау,тәрбиеленушілер денсаулығын сақтау іс шарасын өткізу;


Денсаулық сақтау іс-шарасының тізімдері:
-біздің балабақшада әр таң сайын «медициналық фильтр» жұмыс жасайды.
-АРВИ профилактикасы («сарымсақ моншағы»,оксолин жақпа майымен өңдеу»)
-Фитотерапия – шөп қайнатпасы(әсіресе қыс мезгілінде)
-Профилактикалық ингаляция;
-Сабақтағы арнайы жаттығуға арналған минуттар;

-Күнделікті таза ауадағы серуен(серуен уақыты қыс кезінде ауа райына байланысты болады және медициналық қызметкерлермен белгіленеді)
-организмді шыңдау;
-күніне 2-3 рет балабақшаның орналасуының кварцеваниялық жүйесі;

Тамақтану:
-5 реттік үйлесімді тамақтану(барлық тауарлар сертификатталған)
-мезгілдік мәзір(барлық талаптар мен нормаларға арнайы сәйкестендірілген)

«Қызылша» дегеніміз не?Асқынуы қалай болады?

kor1

Қызылша – бұл асқынатын вирустық инфекционды ауру,адамнан адамға ауа тамшылары арқылы тарайды. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмек керек.Қызылша жазылғаннан кейін қайталанған жағдайда,бұл ауруға деген иммунитет өмір бойы сақталады.Аурудың қайталануы сирек кездеседі.
Қызылшамен кім және қайда аурады?
Бұрын қызылшаны балалар инфекциясы деп санаса,қазір бұл көбіне үлкен адамдар арасында таралуда – бұрын ауырмаған еңбек жасындағы жас адамдар(негізгісі 40 жасқа дейінгі)қызылшаға қарсы екпесі жоқ немесе бұрын ауырғаны туралы мәлімет жоқ.Вирусты жұқтырудың 46% шет елдерде болады(бәрінен бұрын бұған Еуропа елдері және Индонезия,Үндістан,Веьтнам,Тайланд,т.б.)
Қызылшаға профилактикалық іс-шара қолдану
Қызылшаға қарсы ең әсерлі қорғаныс – екпе.
Кімге және қайда қызылшаға қарсы екпе егу керек?
• Қызылшаға қарсы алғашқы екпені(вакциния) бала 12 айдан алу керек,екінші екпе 6 жасында жасалынады.15-17 жастағы жасөспірімдер және 35 жасқа дейінгі үлкендер де қызылшаға қарсы иммунданған болуы керек:

• Екі рет иммундану тиесілі:
• бұрын екпе салынбаған адамға;
• қызылшаға қарсы деректің болмауы;
• бұрын қызылшамен ауырмаған болуы;

Бір реттік иммундану тиесілі:
• ерте басталған қызылшада;

Екпе пен екі реттік екпенің арасын 3 айдан кем құрамауы керек
• Инфекция ошағында қызылшамен ауырған адам жасқа байланысты болмаса да екпе алу керек, егер олар:
• қызылшамен бұрын ауырмаса;
• екпе болмаса;
• қызылшаға қарсы профилактикалық мәліметтер болмаса;
• бір реттік екпе ғана болса;
Ауру қалай байқалады?
Әдеттегі жағдайларда типтік инкубациялық период орташа 10-12 күнге созылады(ең көбі 21 күн).Кейін продромальдық кезең ,қызу көтерілуімен қоса болады (39-40 градусқа дейін),әлсіздену,көз қарығуы,тұмау,кеңірдек бронх қабынуы.Симптомдық сипаттамалары тұмау және құрғақ жөтел болып табылады.Кейде жүрек айну,іштің ауруы және диарея болады.Филатова-Бельского-Коплика дағы (майда ақшыл іріңдер азу тіске қарсы ұртта жұқа қабықшада) 1-2 күнде пайда болады,бөртпелер тағы да 1-2 күннен соң пайда бола бастайды.Ақшыл іріңді дақ әдетте 4-7 ауру күнінде және3-4 күн ішінде кезеңдермен анықталады.Бөртпенің кезең бойынша дамуы қызылшаның маңызды диагностикалық белгісі болып табылады.Келесі 3-4 күн ішінде бөртпе жоғала бастайды.Бөртпенің пигменттелген кезеңдері саты бойынша жүреді.Қызылшаның ерекшеліктері балаларда өмірінің алғашқы жылында ерте пайда болады және инфекциондық үдеріс ішкі органдарында үлкен аумақты алады(бауыр,сөл бөлу) және көп бөлігі (55 %) бактериялық асқыну(пневмония,көздің іріңді қабығы,несеп жолдарындағы инфекция және т.б).Егде адамдардағы қызылшаның айырмашылығы бірден асқынып қызу көтерілу,гипертермия және әлсіз катаральдық синдром қатысуымен болатын интоксикация,байқалатын және ұзаққа сақталатын энтанема және Филатова-Бельского-Коплика дағы, 98 пайыз ауыр және орташа ауырлықтағы клиникалық форманы иемдену.Ауру мерзімі барынша ұзақ болады.

Жұмыс уақыты

0 a88cc 597014ca Дүйсенбі-жұма
 07:30 — 18:00

 __________________________________________________

spat124 тыныш уақыт
 13:00 15:00

 __________________________________________________

telef1812 БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ
 +7 71430 7-08-73

Бейне клип

Сұрақ жауап

83 11

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕМІЗ

twittergallerycontact